«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі Заңының 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 531 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 01.04.2015 жылғы № 197 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 531 қаулысымен бекітілген
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары
1 аурудың бір күнгі тамақтану нормалары (граммен)
Атауы | Саны | Атауы | Саны |
Қара бидай наны | 150 | Жұмыртқа / дана | 1 |
Бидай наны | 200 | Айран | 100 |
Бидай ұны | 15 | Сүт | 300 |
Картоп ұны | 5 | Сары май, балқытылған | 40 |
Жарма | 80 | Өсімдік майы | 20 |
Макарон өнімдері | 20 | Қаймақ | 20 |
Картоп | 400 | Қант, кондитер өнімдері | 60 |
Көкөніс, барлығы | 400 | Шай | 2 |
Жас жемістер | 100 | Кофе, какао | 1 |
Кептірілген жемістер | 30 | Ашытқы | 1 |
шұжықтар, жіңішке шұжықтар | 10 | Тұз | 6 |
Ет, құс еті | 125/25 | Қызанақ езбесі | 3 |
Балық, балық тағамдары | 100 | Жеміс шырындары | 100 |
Ірімшік | 15 |
Ауруларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары
Бұйымдардың атауы | 1 төсекке арналған заттар саны | Пайдалану дың жылдық мерзімі | Бұйымдардың атауы | 1 төсекке арналған заттар саны | Пайдаланудың жылдық мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Ауруларға арналған іш киімдер мен төсектер | |||||
Жейде,іш көйлек (майка) | 7 | 3 | Жаялық (төсеніш) | 1 | 3 |
Трусилер (трико, кальсондар) | 8 | 3 | Сыртқы жастықтыс | 8 | 3 |
Ауруларға арналған орамалдар | 1 | 1,5 | Ішкі жастықтыс (құс жүні) | 2 | 2 |
Ақжайма | 6 | 3 | Тюфяк тысы | 1 | 3 |
Көрпе тысы | 5 | 4 | Ауруларға арналған сүлгілер | 5 | 2,5 |
2. Ауруларға арналған төсек жабдықтары және басқа да заттар | |||||
Матрац | 1,5 | 5 | Зат қапшықтары | 0,5 | 4 |
Құс жастық | 2 | 10 | Аурудың іш киімін сақтайтын қапшықтар | 1 | 3 |
Жылы көрпе (жүнді, жартылай жүнді) | 1,5 | 5 | Ыдыс сүртетін сүлгілер | 0,25 | 1 |
Жазғы көрпе (жылы) | 1 | 4 | |||
3. Ауруларға арналған киім және аяқ киім | |||||
Жылы халат (пижама) | 3 | 3 | Үйде киетін тәпішке | 1 | 0,5 |
Жазғы халат (пижама) | 3 | 3 | Маусымдық аяқ киім | 1 | 1 |
Полная версия