Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 926 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
1. ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды» (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
тақырыбы, 1-тармақ және 2-бөлімнің тақырыбы «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
«14. Осы Ереженің 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында, көрсетілген функцияларды орындайтын ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:
1) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеменің және оның филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
2) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеме филиалдарының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдер мен арнайы қорғаныс құралдарын сатып алуға;
3) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін дезинфекциялық заттар, арнайы ветеринариялық құралдар, материалдар сатып алуға;
4) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.
15. Осы Ереженің 2-тармағының 1), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген функцияларды орындайтын ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:
1) мемлекеттік мекеменің және оның филиалының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
3) ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін тартылған штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге;
4) мемлекеттік мекеме мен оның филиалы мамандарының біліктілігін арттыруға;
5) аккредиттеуге (оның ішінде халықаралық), қайта аккредиттеуге және мемлекеттік мекеменің аккредиттеу саласын кеңейту мен аккредиттеуді, қайта аккредиттеуді және аккредиттеу саласын кеңейтуді консалтингтік қамтамасыз етуге;
6) ақылы қызмет түрлерін көрсетуге байланысты іссапар шығыстарына;
7) ветеринария саласындағы конференцияларға, семинарларға, оқыту тренингтеріне, көрмелерге, экскурсияларға, тұсаукесерлерге қатысуға және оларды өткізуге жұмсалады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия