Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 Қаулысы
Редакция 24.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Тұжырымдаманы iске асыру жөнінде қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы
Кіріспе
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) одан әрі дамытудың біртұтас және кешенді тәсілін қалыптастыратын және өңірлерде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған пайымын, мақсаттары мен негізгі бағыттарын айқындайтын жүйелі құжат болып табылады.
Тұжырымдама мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін іске асыру және өңірлердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу жолымен ӘКК-лерді орнықты дамытудың бірыңғай тәсілін тұжырымдау мақсатында әзірленген.
Өңірлерді дамытудың пәрменді құралы ретінде ӘКК қызметін жетілдіру қажеттілігі ӘКК одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жеке меншік және мемлекеттік секторлардың өзара іс-қимыл жасауының әртүрлі схемалары бар.
Өңірлердің ішіндегі әлеуметтік кәсіпорын анықтамаларындағы айырмашылықтардан басқа, олардың арасында әлеуметтік кәсіпорын ұғымымен, қолданылуымен, контекстімен және саясатымен байланысты бұдан да маңызды айырмашылықтар бар.
АҚШ-та «әлеуметтік кәсіпорын» ұғымы пайда табуға байланысты «кәсіпорын» терминіне көбірек тоғыстырылған.
АҚШ-та коммерциялық кәсіпорындардан бастап әлеуметтік қызметпен қатар пайда табуды үйлестіретін (гибридті ұйымдар) қосарлы мақсаттағы кәсіпорындарға дейінгі ұйымдардың қомақты тобы «әлеуметтік кәсіпорын» санатына жатады.
Полная версия