Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 198 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 жылғы, № 46, 472-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1193 қаулысы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 962 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 шілдесіндегі Заңына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) талаптарына сәйкес әзірленген.
2. Қағида аса жеңіл авиация әуе кемелерін қоспағанда, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді. Осы ретте азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының сертификаты азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1392 Қаулысымен (29.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерінің пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2) әуе кемесінің планерінің қызмет көрсету мерзімін әуе кемесін жасаушы бекіткен мерзімге жеке ұзартқанда, 1,5 жылдан артық емес;
3) жаңа әуе кемесіне немесе әуе кемесінің планері күрделі жөндеуден өткен кезде 2 жыл мерзіміне беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi