Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.11.2016
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 502 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 04.11.2016 жылғы № 369 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 31, 420-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы "40" деген цифрлар "65" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесінің Жарғысында: 
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"22. Мұражайды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде түсетін қаражат және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.";
2. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi