Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 337 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.03.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының "Астық туралы " 2001 жылғы 19 қаңтардағы, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 8 сәуірдегі
 N 337 қаулысымен
 бекітілген
"Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 06.09.2010 № 904 Қаулысымен (08.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(11.03.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында(ҚР СЭҚ ТН) тауарларды жіктеуге сәйкес жіктелетін, осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу объектісі болып табылатын азық-түліктік және тұқымдық астыққа қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.09.2010 № 904 Қаулысымен (08.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(11.03.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Техникалық регламенттің талаптары жемдік және техникалық мақсаттарға арналған астыққа және астықты қайта өңдеу өнімдеріне қолданылмайды.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.09.2010 № 904 Қаулысымен (08.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(11.03.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әлеуетті қауіпті химиялық қосылыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінің және пестицидтердің қалдық мөлшерінің;
2) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
5) өздігінен қызуы, микроорганизмдердің дамуы мен микотоскиндердің пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар туғызатын жоғары ылғалдылықтың болуы адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті факторлар болып табылады.
Техникалық регламент 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.09.2010 № 904 Қаулысымен.(11.03.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
Полная версия
ИС BestProfi