Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
"Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1723 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 491-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесінде:
«6. Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің медициналық құжаттарын жұмыс органына қолма-қол немесе интернет-байланысы арқылы оларды тіркеген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жеткізеді.»;
«12. Комиссияның пациентті кезектілік немесе басым тәртіппен шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Басым тәртіппен балалар, жүкті әйелдер, пациенттер аурудың бір бейіні бөлігіндегі қалыптасқан кезектілікке сәйкес туыстық донор болған жағдайда ағзаларды, тіндерді транспланттау жүргізуді қажет ететін пациенттер, сондай-ақ денсаулық жағдайы өміріне қауіп төндіретін пациентер жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:
«19. Шетелдік клиникаларға емделуге өз бетінше шыққан пациенттердің материалдарын Комиссия қарамайды және шығыстары төлеуге жатпайды.
20. Шетелдік медицина ұйымдарының қызметіне ақы төлеу Уәкілетті орган мен шетелдік медицина ұйымдарының арасындағы жеке шарттың негізінде жүзеге асырылады. Шарт емдеу әдістеріне және ұзақтығына қарай ұзақ мерзімді сипатқа ие болуы және емдеуге кезең-кезеңімен ақы төлеуді көздеу мүмкін.
Емдеуге кезең-кезеңімен ақы төлеу пациентті шетелдік медицина ұйымына ағзалар мен тіндерді транспланттауға жіберген жағдайда көзделеді. Бұл ретте емдеудің бірінші кезеңі шетелдік медицина ұйымында донорды таңдау, сондай-ақ тікелей донорды іздестіру үшін пациентті қажетті зерттеулер жүргізуді көздейді. Донорды таңдаған жағдайда пациент емдеудің екінші кезеңіне - ағзалар мен тіндерді транспланттауға жіберіледі. Пациенттің бірінші және екінші кезеңдегі, сондай-ақ алып жүретін адамның жол жүруіне ақы төлеуді Комиссияның шешімі бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады. Ағзалар мен тіндерді транспланттау кезінде емдеудің әрбір кезеңіне Уәкілетті орган шетелдік медицина ұйымымен жеке шарт жасасады.
Уәкілетті орган атқарылған жұмыстардың аралық актілері бойынша шетелдік клиникаға ай сайын ақы төлеуді жүргізеді. Шетелдік медицина ұйымында пациентті емдеуге түпкілікті төлем атқарылған жұмыстардың қорытынды актісі бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган шетелдік медицина ұйымына пациентті шетелде емдеу бойынша шарттың жалпы сомасынан 70%-ға дейінгі мөлшерде аванс төлейді, одан басқа атқарылған жұмыстардың аралық актілері бойынша шетелдік медицина ұйымына бұрын төленген авансты ұстап қалу шартымен ай сайынғы төлемді жүргізеді. Шарттың жалпы сомасынан 10%-дан кем емес мөлшердегі түпкілікті төлем шетелдік медицина ұйымы атқарылған жұмыстардың қорытынды актісін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi