Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 141 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2015 жылғы № 18-02/596 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасының жазық жерлерiндегі ормандарда және қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 48 қаулысы; 
2) "Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қаңтардағы N 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 1, 6-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 14 ақпандағы
 N 141 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ЕРЕЖЕСI
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесi (бұдан әрi - Ереже) ағаш кесу түрлерiне байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман қорының шегінде жүзеге асырылатын ағаш кесу тәртiбiн, мерзiмiн және тәсiлдерiн айқындайды және барлық орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады. 
2. Ереже жазық жерлердегi ормандарға, Қазақтың шағын адырлы ормандарына және Қазақстанның тау ормандарына қатысты әзiрлендi. 
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесудiң (бұдан әрi - ағаш кесу) негізгі мiндеттерi: 
1) орманды үздiксiз және қорын сарқып алмай пайдалану мен орман алаптарын ұтымды пайдалану; 
2) ормандардың төзiмдiлігі мен өнiмдiлiгiн, олардың табиғат қорғаушылық рөлiн арттыру; 
3) орман ортасын сақтау және ағашы кесiлген жерлерде ормандарды шаруашылық жағынан құнды тұқымдылармен жаңғырту; 
Полная версия
ИС BestProfi