«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, 2007 жылғы 11 шілдедегі № 104 (1133) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2019
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 265 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6594 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес
4-тармақ алынып тасталсын;
5-тармағындағы «2010 жылдың 13 тамызынан» деген сөз «2012 жылдың 1 қаңтарынан» деген сөзбен ауыстырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақтағы «, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Діни істер комитетінің» деген сөз алынып тасталсын;
3-тармақтың бесінші абзацындағы «монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
«Банктерді, республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді (соның ішінде барлық саяси партияларды), шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін, республиканың екі немесе одан да көп облыстарында іс-әрекет ететін діни бірлестіктерді, діни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырларды және басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті) жүзеге асырады.»;
4-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
4-тармақтың алтыншы абзацындағы «мен Діни істер комитеті» деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзацтағы 4 саны 49 санына ауыстырылсын, 21 саны 58 санына ауыстырылсын, 25 саны 62 санына ауыстырылсын, 29 саны 66 санына ауыстырылсын;
оныншы абзацындағы «статистикалық карточканың,» деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшасындағы «мемлекеттік статистика органына және» деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшасы алынып тасталсын;
8) тармақшасындағы «және статистикалық карточкасын» деген сөздер алынып тасталып, 9 саны 54 санына ауыстырылсын;
Полная версия