Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2023
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы N 1222 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 455 қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.02.2023 жылғы № 149 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің Сауда өкiлдiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 19 қарашадағы N 1222 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 42, 416-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсін: 
тақырыбындағы және 1, 2-тармақтардағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген редакцияда жазылсын және 3-тармақтағы "Үкiметі" деген сөз алынып тасталсын; 
3-тармақтағы "3" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшінe енедi.
Полная версия
ИС BestProfi