1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.07.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысы
"Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасында:
"бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн" деген сөздер "посттарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мен Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1251 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесiндегi халықаралық өткiзу пункттерi:
көп жақты қатынас үшiн ашық:
Қорғас Алматы облысы
Достық Алматы облысы
Полная версия