Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2016
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуірде N 106 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1538
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242  қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн, Ереженiң өзгерiстерi мен толықтырулары және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық 
жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды екінші 
деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге 
асыратын ұйымдарға жіберсін.
     
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 106
қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы21 қарашадағы N 242 қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 16 наурыздағы тiркелген N 711  "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"12. Банк қызмет көрсету туралы шарт жасау үшiн Орталыққа мынадай құжаттар бередi: 
2) пайдаланушының Жарғысының нотариат куәландырған көшiрмесi және банк операцияларын жасауға арналған лицензиялар;
3) банктiң жүйе арқылы ақша аударуға қатысуына рұқсат беру туралы 
Банктiң жүйе арқылы ақша аударуға қатысуына рұқсат беру туралы мәселенi қарау үшiн банк Ұлттық Банкке мынадай құжаттар беруi тиiс: 
1) ақпаратты рұқсатсыз кiруден қорғаудың банкте қолданылатын ұйымдастыру және бағдарлама-технологиялық шаралардың сипаттамасы;
2) банк қолданатын бағдарлама-техникалық құралдардың және телекоммуникация желiлерiнiң сипаттамасы.
Банктiң жүйе арқылы ақша аударуға қатысуына рұқсат беру туралы Ұлттық Банктiң оң қорытындысы банкке мынадай жағдайларда берiледi: 
1) банк Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi орындаса; 
2) клиенттер алдындағы ақша аударымы жөнiндегi шарттық мiндеттемелерiн уақтылы орындаса; 
3) ақпаратты рұқсатсыз кiруден қорғаудың ұйымдастыру және бағдарлама-технологиялық шаралары Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес болса.". 
2. 19-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: 
"Сонымен бiрге пайдаланушылар жүйеде қолданатын форматтар бойынша электронды хабарлармен алмасады.". 
3. 22-тармақтың екiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: 
"Тұрақты қолданылып жүрген төлем тапсырмасында пайдаланушының корреспонденттiк есепшотындағы ақша қалдығы сомасының проценттiк арақатынасы немесе пайдаланушының корреспонденттiк есепшотынан Ұлттық Банк жүйесiндегi есепшотқа ақша аударуға қажеттi белгiленген сома көрсетiледi. Мұндай тұрақты қолданылып жүрген төлем тапсырмасы пайдаланушының оны қайтарып алу жөнiнде нұсқау бергенге дейiн қолданылады.". 
4. 26-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
"Кезекке тiркелген төлем тапсырмасының ең жоғары сомасын Ұлттық Банк белгiлейдi.". 
5. Мынадай мазмұндағы 38-1 және 38-2-тармақтармен толықтырылсын: 
"38-1. Пайдаланушы төлем құжаттарын өңдей алмайтын немесе оларды Орталықпен айырбастай алмайтын жағдайда, пайдаланушылардың корреспонденттiк есепшоттарына қызмет көрсететiн Ұлттық Банктiң бөлiмшесi пайдаланушының операциялық күндi ұзарту туралы өтiнiшi негiзiнде, бiрақ екi сағаттан аспайтын уақытқа, жүйенiң операциялық күнiн ұзартуға құқылы. 
Операциялық күндi ұзарту туралы өтiнiш еркiн түрде жазылып, пайдаланушылардың корреспонденттiк есепшоттарына қызмет көрсететiн Ұлттық Банктiң бөлiмшесi басшысының атына жiберiледi және ол жүйенi пайдаланушының атауын, ұзарту себебiн әрi жүйенiң операциялық күнiнiң қай уақытқа ұзартылатындығын қамтуы тиiс. 
38-2. Операциялық күндi ұзарту туралы өтiнiш қағазда немесе факсимиль байланысы арқылы немесе электрондық-сандық қол қою электрондық әдiсiмен берiлуi мүмкiн. 
Қағаз немесе факсимиль байланысы арқылы берiлген өтiнiшке пайдаланушының уәкiлеттi адамдары қол қоюға тиiс. Өтiнiшке қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi адамдардың тiзiмiн пайдаланушы өзi белгiлейдi және уәкiлеттi адамдардың қол қою үлгiлерiмен бiрге Ұлттық Банк бөлiмшесiне жiберiледi. 
Жүйенi пайдаланушы өтiнiштi факсимиль байланысы арқылы жiберген кезде ол келесi операциялық күннен кешiктiрмей өтiнiштiң қағаздағы түпнұсқасын Ұлттық Банкке жiберуге тиiс.". 
6. 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"Пайдаланушының Ұлттық Банктiң бөлiмшесiнде ашылған корреспонденттiк есепшотына бiр күн iшiнде қабылданған (есебiне жазылған) ақша сомасын Ұлттық Банк есепшот иесiнiң тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiлеген тәртiппен Ұлттық Банк жүйесiндегi есепшотқа аударуға тиiс.". 
7. Мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
"40-1. Жүйенi пайдаланушының корреспонденттiк есепшотынан ақшаны бiр операциялық күн iшiнде Ұлттық Банктегi жүйе есепшотына аудару қажет болған кезде, жүйені пайдаланушы Ұлттық Банкке ақшаның аударылу уақытын көрсете отырып осы Ереженің 22-тармағында көзделген тұрақты қолданылып жүрген қағаздағы төлем тапсырмасын жіберуге құқылы.
Полная версия
ИС BestProfi