Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғары үкіметтік" және "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 18 тамыз N 785
Редакция 08.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғары үкіметтік" және "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жеделхаттар басым тәртіппен беріледі деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі өзінің ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия