"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3314
Осы Қаулы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (30.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.04.2014 жылдан бастап) Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.09.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы", "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестіктеріне жiберсiн.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 қаулысымен Бекітілген
Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесі
1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқарушының есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.09.2011 № 118 (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Инвестициялық портфельді басқарушының есебіне мыналар жатады:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа);
2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы есеп (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа);
3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен орналастырылған екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа);
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа);
5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес пай кірістілігі мен пай иелерінің саны туралы мәліметтер (әрбір инвестициялық қор бойынша толтырылады);
Полная версия