Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысы
Редакция 24.02.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Жоспар) мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған негiзгі бағыттары (1-бөлiм);
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштерi (2-бөлiм);
қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi (4-бөлiм);
қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегі 2005-2007 жылдарға арналған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi (5-бөлiм).
2. Құпия.
3. Құпия.
4. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған аса маңызды көрсеткіштерiнiң болжамы (3-бөлiм) бекiтiлсiн.
5. Ұлттық компанияларды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгi көрсеткіштерiнiң болжамы назарға алынсын (6-бөлiм).
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi облыстар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарларын заңнамада белгiленген тәртiппен уақтылы әзiрлеудi және бекiтудi қамтамасыз етсiн.
7. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы және Жоспардың iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн тоқсан сайын хабардар етсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары
1-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттар
Полная версия