"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Документ показан в демонстрационном режиме!
"Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 392 Қаулысы
Осы редакция 28.04.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған "Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 392 қаулысымен бекітілген
"Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Жалпы ережелері
1. Осы "Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне және өмір сүру циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша "Ұн тарту-жарма өнеркәсібінің өнімдері; крахмал; инулин; бидай дәнінің маңызы" 11 тобына жататын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар мен крахмал өнімдеріне қолданылады.
Техникалық регламент осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген өнімдерге міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
3. Техникалық регламент балалар және емдеу-алдын алу тағамдарына арналған ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар мен крахмал өнімдеріне, сондай-ақ жем-шөптік өнімдерге қолданылмайды.
4. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар тарапынан талаптар белгіленетін ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағында адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделері мен қоршаған ортаны қорғауға әсерінен туындайтын тәуекелдерге мыналар жатады:
1) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтер мен металлмагнитті қоспалардың болуы;
2) ұн-тарту және жарма өнімдерінің астық қорларының зиянкестермен ластануы мен жұқтыруы;
3) бидай ұны нанының "картоп ауруының" қоздырғыштарымен зақымдануы;
4) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі микробиологиялық көрсеткіштер;
5) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың болуы.
5. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру кезінде мынадай жағдайларда туындайтын барлық ықтимал тәуекелдер ескерілуі тиіс:
Полная версия