Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 наурыздағы
 № 316 қаулысымен
 бекітілген
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2011 № 1065, 30.03.2012 № 378 Қаулыларымен (31.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Бағдарламаның        Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы  атауы
Әзірлеу үшін         Қазақстан Республикасы Президентінің 2011  негіздеме            жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге                       қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы 
              Қазақстан Республикасы Президентінің 2010                       жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген                       Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
              Стратегиялық даму жоспары Қазақстан                       Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19                       наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген                       Қазақстан Республикасын үдемелі                       индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
              2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік                       бағдарлама
Әзірлеуге және іске  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты  асыруға жауапты      әлеуметтік қорғау министрлігі  мемлекеттік орган      
Мақсаттарға,        Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  нысаналы            министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және  индикаторларға,     ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы  міндеттерге,        Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  нәтижелер           Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және  көрсеткіштеріне     сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы  қол жеткізуге       министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс  жауапты             және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері  мемлекеттік және    агенттігі облыстардың, Астана және Алматы  өзге де органдар    қалаларының әкімдері
Полная версия
ИС BestProfi