Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Внимание! Документ утратил силу с 29.04.1999
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң (АҚКМ) ережесi мен құрылымын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 31 қазан N 1474. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.04.29. N 499 қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi туралы ереже;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы, 1-қосымшаға сәйкес, 125 адам санындағы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде бекiтiлсiн.
3. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармаларының саны
әрбiр облыс пен Алматы қаласына 18 адам есебiнiң негiзiнде, 270 адам болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне бiр вице-министрi, сондай-ақ саны 11 адамдық алқасы болуына рұқсат етiлсiн. 5. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 7 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 қазандағы N 1474 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi (АҚКМ) туралы ЕРЕЖЕ I. Миссиясы
Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру, қоғамның саяси тұрақтылығын, идеялық топтасуын нығайту.
II. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстанның бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, заңдарға сәйкес бұқаралық ақпарат пен баспасөз, ұлт, жастар, конфессионалдық және тiл саясаты салаларына мемлекеттiк саясат пен үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрлiк республикалық бюджеттен қаржыландырылатын газеттер мен журналдардың, телерадио компаниялардың, ақпарат агенттiктерiнiң және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының құрылтайшысы болып табылады.
Министрлiктiң қызметiнiң негiзгi мақсаты:
а) мемлекеттiк органдардың iшкi саяси тұрақтылықты, қоғамдық және конфессионалдық келiсiмдi, ұлтаралық қатынастардың үйлесiмiн нығайтудағы қызметiн үйлестiру;
б) азаматтардың сөз бостандығына арналған конституциялық құқығын
қамтамасыз ету, мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қорғау, Қазақстанның ақпараттық рыногын кеңейту. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясының негiзiнде жүзеге асырады, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң шешiмдерiн және өзге де нормативтiк және құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. III. Жұмыстарының басымдықтары Iшкi саяси тұрақтылықты нығайту, қазақстандық отан сүйгiштiктi, азаматтық бiрдейлiктi орнықтыру; мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; реформаларды моральдық-психологиялық және идеологиялық қолдау үшiн қажеттi мемлекеттiк баспа бағдарламаларын қалыптастыру; республикада бұқаралық ақпарат құралдарының сапасы мен кәсiби деңгейiн арттыру; баспасөзде және бұқаралық ақпарат құралдары заңдарының сақталуына талдау жасау. IҮ. Министрлiктiң мiндеттерi, функциялары, құқықтары 3. Министрлiк мынадай функцияларды жүзеге асырады:
елдi дамытудың ұзақ мерзiмдiк басымдықтарына сәйкес баспасөз, бұқаралық ақпарат, ұлт, тiл, конфессионалдық және жастар саясаты салаларында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн үйлестiредi, газеттерге, журналдарға және телерадио хабарларына арналған, әдебиеттiң қоғамдық маңызды түрлерi бойынша баспа бағдарламаларын қалыптастыруға арналған мемлекеттiк тапсырыстарды, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар шараларды қалыптастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi. БАҚ, оның iшiнде шетелдiк аудиторияға да есептелген, есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен баспасөз және бұқаралық ақпарат салаларында авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалануды болдырмау және оның жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдайды және жүзеге асырады; әдебиет пен өнер туындыларын басып шығару, көпшiлiктiң алдында орындау және өзге де пайдалану түрлерi үшiн авторлық сыйақының мемлекеттiк ставкаларын әзiрлейдi;
тiлдердi дамыту саласында халықаралық қатынастарды үйлестiруге, қоғамды тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық отан сүйгiштiкке тәрбиелеуге бағытталған шараларды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын әзiрлейдi және жүзеге асырады, осы салада нормативтiк актiлердi iске асырады;
Қазақстан Халықтары ассамблеясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
шетелдiң тиiстi ведомстволарымен Министрлiк қызметiнiң мәселелерi бойынша байланыстар орнатады және ынтымақтастықты дамытады.
4. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
қоғамның демократиялық институттарын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөзде Қазақстан Республикасын дамыту стратегиясын түсiндiру мен оны насихаттау;
баспасөз және бұқаралық ақпарат, ұлт, жастар, конфессионалдық және тiл саясаты салаларында заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
таяу және алыс шетелдердегi қазақ диаспорасына Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша көмек көрсету;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес газет-журнал, дыбыс-көрнекi, кiтап және өзге де отандық және шетелдiк ақпарат өнiмдерiне талдау жасау болып табылады.
5. Министрлiктiң қойылған мақсатын, мiндеттерiн және функцияларын жүзеге асыруы үшiн:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, ұйымдардан және азаматтардан Министрлiкке ақпарат және қоғамдық келiсiм саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға;
нормативтiк құқықтық құжаттардың жобаларын әзiрлеуге қатысуға, баспасөз, бұқаралық ақпарат, ұлт, жастар, тiл және конфессионалдық саясат салаларында ведомстволық актiлер шығаруға;
заңдарда белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпаратты, баспаларды, полиграфиялық кәсiпорындарды, кiтап саудасы ұйымдарын және басқа да ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдарды құруға, қайта ұйымдастыруға, таратуға;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес баспасөз басылымдарының тегiн бақылау даналарын, эфирде айтылған дыбыс-бейне жазбаларының көшiрмелерiн алуға құқығы бар. Ү. Министрлiктiң жауаптылығы 6. Министрлiк: бұқаралық ақпарат және баспасөз, ұлтаралық қатынастар, жастар, тiл және конфессионалдық саясат салаларында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн; республикада БАҚ сапасы мен кәсiби деңгейiн арттыру үшiн; әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттердi шығарудың мемлекеттiк бағдарламаларын қалыптастыру үшiн; барлық ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң жұмысын ұйымдастыру және оның тиiмдiлiгi үшiн жауапты болады. ҮI. Министрлiктiң өкiлеттiгi
7. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметен босататын Министр басқарады.
8. Министр:
дара басшылықтың негiзiнде Министрлiктiң қызметiне басшылық жасайды, Министрлiк пен оның жүйесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке жауаптылықта болады, баспасөз бен бұқаралық ақпарат, ұлт, жастар, тiл және конфессионалдық саясат салаларында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды ұйымдастырады;
департаменттердiң директорларын тағайындайды;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ басқа да ведомстволық бағыныстағы құрылымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
қолданылып жүрген заңдар мен осы Ережеге сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9. Министрлiкте кеңесушi орган болып табылатын алқа құрылады, оның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
10. Аймақтарда министрлiктiң өкiлеттiгiн облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармалары жүзеге асырады. Олар туралы ереженi Министр бекiтедi. Министр әкiмдердiң келiсiмi бойынша тиiстi аймақтардағы барлық мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының қоса
құрылтайшылары болатын облыстық басқармалардың бастықтарын тағайындайды. 11. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктерiнде бюджеттiк, есеп айырысу және өзгеде шоттары, тиiстi бланкiлерi болады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 қазандағы N 1474 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң ТIЗБЕСI -------------------------------------------------------------------- Рет | Кәсiпорындардың, ұйымдар мен |Почталық мекен-жайы N | мекемелердiң атауы | -----|--------------------------------------|----------------------- 1. "Кiтап" республикалық өндiрiстiк Алматы қаласы, бiрлестiгi Гагарин даңғылы, 93 2. Қағаз-қосымша қиынды қағаз тауар. Алматы қаласы, ларының республикалық фабрикасы Сейфуллин көшесi, 312 3. Республикалық полиграфия комбинаты Алматы қаласы, Мақатаев көшесi, 41 4. "Дәуiр" республикалық газет-журнал Алматы қаласы, баспасы Жiбек жолы даңғылы, 50 5. "Полиграфия" республикалық Ақтөбе ӨБ Ақтөбе қаласы, Строительная көшесi, 190 6. "Алатау" республикалық корпорациясы Алматы қаласы, Мұқанов көшесi, 223б 7. "Полиграфия" республикалық Шығыс Өскемен қаласы, Қазақстан ӨБ Школьное шоссе көшесi, 4 8. "Полиграфия" республикалық Атырау ӨБ Атырау қаласы, Сәтпаев көшесi, 4 9. Республикалық Маңғыстау iрiлендiрiлген Ақтау қаласы, баспаханасы Ықшамаудан, 22 10. "Полиграфия" республикалық Жезқазған Жезқазған қаласы, БӨ Мир көшесi, 13 11. "Полиграфия" республикалық Қарағанды Қарағанды қаласы, ӨБ Ермеков көшесi, 33 12. "Полиграфия" республикалық Қызылорда Қызылорда қаласы, ӨБ Абай даңғылы, 60 13. "Полиграфия" республикалық Көкшетау Көкшетау қаласы, ӨБ Урицкий көшесi, 98 14. "Полиграфия" республикалық Қостанай Қостанай қаласы, ӨБ Индустриальная көшесi, 16 15. "Полиграфия" республикалық Павлодар Павлодар қаласы, ӨБ Ленин көшесi, 143 16. "Полиграфия" республикалық Солтүстiк Петропавл қаласы, Қазақстан ӨБ Ленин көшесi 17. "Полиграфия" республикалық Семей ӨБ Семей қаласы, Момышұлы көшесi, 20 18. "Дастан" республикалық корпорациясы Орал қаласы, Ленин көшесi, 177 19. "Полиграфия" республикалық Ақмола Ақмола қаласы, ӨБ Мир көшесi, 25 20. "Полиграфия" республикалық Оңтүстiк Шымкент қаласы, Қазақстан ӨБ Тәукехан даңғылы, 43 21. Шымкент қалалық баспаханасы Шымкент қаласы, Тәшенов көшесi, 24 22. Жамбыл мемлекеттiк баспаханасы Жамбыл қаласы, Төле би көшесi, 14 23. "Полиграфия орталығы" Павлодар Павлодар қаласы, республикалық баспаханасы Торайғыров көшесi, 70/1 24. Талдықорған облыстық баспаханасы Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 32 25. "Қазэлектронполиграфсервис" Алматы қаласы, мемлекеттiк кәсiпорны Абай даңғылы, 143 26. "Қазақстан теледидары мен радиосы" Алматы қаласы, республикалық корпорациясы Республика алаңы, 13 27. "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚАА)" Ақмола қаласы, республикалық кәсiпорны Мир көшесi, 22 28. "Қазтелерадио" республикалық Ақмола қаласы мемлекеттiк теледидар, радио хабарларын тарату және радиобайланысы қазыналық кәсiпорны 29. "Алматы радиотеледидар хабарын Алматы қаласы беру станциясы (АРТБС)" 30. "Қазақстан" республикалық баспасы Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143 31. "Жазушы" республикалық баспасы Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143 32. "Рауан" республикалық баспасы Алматы қаласы Абай даңғылы, 143 33. "Бiлiм" республикалық баспасы Алматы қаласы Абай даңғылы, 143 34. Республикалық қазақ энциклопедиясының Алматы қаласы, бас редакциясы Мечников көшесi, 84 35. "Ғылым" республикалық баспасы Алматы қаласы, Пушкин көшесi, 11/113 36. "Санат" республикалық баспасы Алматы қаласы Байтұрсынов көшесi, 65а 37. "Ана тiлi" республикалық баспасы Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143 38. "Жетi жарғы" жабық акционерлiк қоғамы Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39. Мемлекеттiк кiтап палатасы Алматы қаласы, Пушкин көшесi 40. "Егемен Қазақстан" республикалық газетi Алматы қаласы, Гоголь көшесi, 39 41. 42. "Қазақ әдебиетi" республикалық газетi Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105 43. "Ана тiлi" республикалық газетi Алматы қаласы, Желтоқсан көшесi, 112 44. "Қазақ елi" республикалық газетi Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 45. "Жас алаш" республикалық газетi Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 46. "Түркiстан" республикалық газетi Алматы қаласы, Бөгенбей батыр көшесi, 150 47. "Коре ильбо" республикалық газетi Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 48. "Ұлан" республикалық газетi Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 49. "Ұйғыр авази" республикалық газетi Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 50. "Дойче альгемайне цайтунг" Алматы қаласы, республикалық газетi Жiбек жолы даңғылы, 50 51. "Украинскi новинi" республикалық газетi Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 52. "Дружные ребята" республикалық газетi Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 53. "Новое поколение" республикалық газетi Алматы қаласы, Желтоқсан көшесi 79а 54. "Юридическая газета" республикалық Алматы қаласы, газетi Абай даңғылы, 50а 55. "Заң газетi" республикалық газетi Алматы қаласы, Абай даңғылы, 50а 56. "Ақиқат" республикалық журналы Алматы қаласы, Гоголь көшесi, 39 57. "Ақ желкен" республикалық журналы Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 58. "Балдырған" республикалық журналы Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 50 59. "Жалын" республикалық журналы Алматы қаласы, Достық даңғылы, 7 60. "Мысль" республикалық журналы Алматы қаласы, Гогол көшесi, 39 61. "Абай" республикалық журналы Семей қаласы 62. "Жұлдыз" республикалық журналы Алматы қаласы 63. "Простор" республикалық журналы Алматы қаласы 64. "Парасат" республикалық журналы Алматы қаласы 65. "Балапан" N 184 балалар комбинаты Алматы қаласы М.Торез көшесi, 8 66. "Оқжетпес" республикалық жастар Бурабай лагерi 67. "Хабар" агенттiгi" республикалық Алматы қаласы мемлекеттiк кәсiпорны Тiзбеден 41-жол алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.10.16. N 1050 қаулысымен. Тiзбе өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1348 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 қазандағы N 1474 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң құрылымы Бұқаралық ақпарат құралдары департаментi Iшкi саясат департаментi Тiлдi дамыту жөнiндегi департамент Мемлекеттiк баспа бағдарламаларын қалыптастыру департаментi Iшкi әкiмшiлiк департаментi
Полная версия