Близость слов: Окончание:





Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 172 Заңы
Редакция 22.04.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Астанада 2000 жылғы 10 қазанда жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарт бекітілсін.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы ШАРТ *
#$*(Келісім 2001 жылғы 30 мамырда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2004 ж., № 6, 31-құжат)
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы,          өз халықтарының тұрмыс деңгейін арттыру үшін экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын жағдайда жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық жаңартуларды келісу арқылы өздерінің серпінді түрде дамуын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,          өзара интеграция процестерін дамыту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бекем бел байлап,          әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне кірігу кезінде көзқарастарды үйлестіру қажеттігін пайымдай отырып,  
1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімге, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімге, 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа сәйкес өздері қабылдаған міндеттемелерді толық деңгейде орындауға дайын екендіктерін білдіре отырып,          Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына өздерінің адалдықтарын қуаттай отырып,          төмендегілер туралы уағдаласты:
Осымен Уағдаласушы Тараптар "Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы" халықаралық ұйымын (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) құрады.  
ЕурАзЭҚ-тың осы Шарттың ережелеріне сәйкес Уағдаласушы тараптар оған өз еріктерімен берген өкілеттіктері болады. Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтың егеменді және тең құқықты субъектілері болып қалады.
ЕурАзЭҚ Кеден Одағы Біртұтас экономикалық кеңістікті Уағдаласушы Тараптардың қалыптастыру процесін тиімділікпен ілгерілету, сондай-ақ жоғарыда аталған Кеден одағы туралы келісімде, Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартта және Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартта белгіленген басқа да мақсаттар мен міндеттерді осы аталған құжаттарда белгіленген кезеңдерге сәйкес іске асыру үшін құрылады.  
Уағдаласушы Тараптардың бұрын өзара жасаған шарттары, сондай-ақ интеграцияны басқару органдарының шешімдері осы Шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданыста болуын жалғастырады. 
Уағдаласушы Тараптардың бұрын құрған интеграцияны басқару органдарымен сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, осы Шарттың мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін ЕурАзЭҚ шеңберінде:  
Мемлекетаралық Кеңес (Мемаралықкеңес);  
Қоғамдастық Соты жұмыс істейтін болады.  
Полная версия
ИС BestProfi