Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2022
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегі N 843 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 936 Қаулысы       
Осы Қаулы күшін жояды 2022 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 08.04.2022 жылғы № 199 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi N 843  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiнде: 
бүкiл мәтiн бойынша "аумақтық орган", "аумақтық органға", "аумақтық органның", "аумақтық органда" деген сөздер тиiсiнше "жергiлiктi атқарушы орган", "жергiлiктi атқарушы органға", "жергілікті атқарушы органның", "жергiлiктi атқарушы органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 
"1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 
2) жергілiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергілікті мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";
"алынған күнiнен бастап бiр жыл" деген сөздер "қаржы жылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi