Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 374 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшадағы «ауыл шаруашылығы құрылымдарында және шаруа (фермер) қожалықтарында ұсталатындарды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) чиптау (электрондық бірдейлендіру түрі) (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері).»;
18-тармақтың 3) тармақшасындағы және 21-тармақтың бірінші абзацындағы «немесе таңба салуды» деген сөздер алып тасталсын;
Ауыл шаруашылығы жануарларының литерлік кодтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды
1 - ірі қара мал
2 - қой мен ешкі
3 - шошқа
4 - жылқы
5 — түйе»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 374 қаулысына қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне 2-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жапсырмалардың нысандары
#$(Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
Ірі жануарларға арналған жапсырмалардың бет жағында штрих код болуы тиіс. Штрих кодпен жануардың жеке нөмірі кодталған.
Таңбаның мөлшері: кәрі мал үшін - биіктігі 8 см, ені 5 см; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см, ені 3 см. Ыстықпен таңбалау үшін ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм жалпақ тегіс темірден таңба дайындалады. Суықпен таңбалаған кезде стандартты өлшемдегі сан пайдаланылады.
Полная версия