Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2015
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 167 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес
"Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 жылғы № 236 Бұйрығын қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) "Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары; 
2) "Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;
3) "Түсті металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;
4) "Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 25 қаңтардағы
 № 167 қаулысымен
 бекітілген
"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1. Осы "Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) қара металлургия объектілері үшін өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, сумен жабдықтауға, желдетуге, физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Осы Санитариялық қағидалар коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу өндірістеріне қолданылады.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) қара металлургия – құрамына темір кендерінен шойын, темір және болат өндіру технологиясы кіретін ауыр өнеркәсіп саласы;
2) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуіне жол бермеуге арналған жергілікті желдету.
2. Өндірістік микроклиматқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Кран кабиналарында, басқару орындарында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі басқа жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін "Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi