Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.01.2001
Жер туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 22 желтоқсан N 2717.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының  

 
  1-бабына сәйкес және 
Қазақстан Республикасында жер қатынастарының құқықтық реттелуiн 
жетiлдiру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
                             I БӨЛIМ
                         НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
                              1-тарау
                          ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
     1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар
     Осы Жарлықта қолданылатын терминдер мен анықтамалар мынаны
бiлдiредi:
1) жерге заттық құқық - меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы, мiндеттiлiк (сервитут) және өзге де заттық құқықтар; 
2) жер учаскесiнiң және жер пайдалану құқығының кепiлi - жер учаскесiн меншiк иесi немесе жер пайдаланушы (кепiл берушi) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, кредитордың (кепiл ұстаушының) кепiлге берiлген жер учаскесiнiң құнынан немесе жер пайдалану құқығынан заң актiлерiмен белгiленген шегерiмдердiң сыртында, басқа кредиторлардан артықшылық ретiмен кепiлдiк шартына негiзделген қайтарым алудың құқығы; 
3) жер үлесi (шартты жер үлесi) - осы Жарлықпен және өзге де заңдармен белгiленген жағдайларда және шартпен бөлiнiс жасалуы мүмкiн жер учаскесiне құқық пен мiндеттерге басқа адамдармен бiрге қатысудың сан жағынан анықталған үлесi;  
4) жер құқығы қатынастары - жер ресурстарын басқаруға, жеке субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге, жерге меншiк құқығын және басқа да заттық құқықтарды жүзеге асырумен байланысты жер пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар; 
5) жер ресурстары - экономиканың салаларында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер; 
6) жер учаскесi - осы Жарлықпен белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекарада бөлiнген жер бөлiгi; 
7) жерге орналастыру - жердi тиiмдi пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесi; 
8) жер - заңдарға сәйкес меншiк және жер пайдалану объектiсi (жылжымайтын мүлiк) болып табылатын табиғи шаруашылық жүргiзу объектiсi; 
9) кондоминиум - жылжымайтын мүлiкке меншiк нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi, соның iшiнде жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғалардың және (немесе) мемлекеттiң дербес меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкке жатпайтын бөлiктерi (үй маңындағы бөлiнбейтiн жер учаскесi, ортақ пайдаланыстағы жер) ортақ меншiк құқығы негiзiнде жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң меншiк иелерiне тиесiлi болады; 
10) жер құқығы қатынастарының объектiсi - жер учаскелерiне орналасқандығына және олардың жеке субъектiлерге бекiтiлуiнiң құқықтық негiздерiне, сондай-ақ жер учаскелерi мен жер үлестерiне құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы бүкiл жер, жекелеген жер учаскелерi; 
11) жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы - жер учаскесiнiң меншiк иесi мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе ақысыз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайтын, субъектiнiң жер учаскесiн иелену және пайдалану құқығы; 
12) жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекет меншiгiндегi жер учаскесiн мерзiмсiз (тұрақты жер пайдалану) немесе белгiлi мерзiм iшiнде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы. Осы Жарлықта белгiленген шарттар мен шекте жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығына билiк етуге хақылы; 
13) жерге жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың осы Жарлық пен өзге де заңдарда белгiленген шарттар мен шектерде өздерiне тиесiлi жер учаскесiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығы; 
14) сервитут - азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа адамдардың жеке меншiк құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығы; 
15) жер құқық қатынастарының субъектiсi - жер құқық қатынасында тарап болып табылатын (мемлекет, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер, мемлекеттiк органдар, азаматтар мен заңды тұлғалар) және соған орай осы құқық қатынасында құқықтары мен атқаратын мiндеттерi бар субъект. 
16) төлемнiң базалық ставкасы - жеке меншiкке берiлетiн немесе мемлекет жердi пайдаланушыға беретiн жер үшiн төлемақы нормативi.  
#$1-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
Полная версия
ИС BestProfi