«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
«Жарылғыш материалдарды өндіру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 2118 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Жарылғыш материалдарды өндіру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2118 қаулысымен бекітілген
«Жарылғыш материалдарды ендіру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Жарылғыш материалдарды өндіру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) қарапайым, түйіршіктелген аммиак-селитралық, эмульсиялық жарылғыш материалдарды өндіру үдерісіне қолданылады.
2. Жарылғыш материалдарды өндіруге байланысты қатерлер мыналарға бөлінеді:
1) өрт туындау және жанудың жарылуға ауысу қатері;
2) тасымалдау кезінде авариялық жағдайдың туындау қатері;
3) найзағай жасынының қоймаға, өндіру бойынша цехқа, тасымалдау кезіндегі автомобильге тура түсу қатері;
4) жарылғыш материалдар құрамына кіретін зиянды компоненттердің зиянды әрекеттесуімен байланысты қызмет көрсетуші персоналдың ауруының туындау қатері;
5) өндіру және жою кезінде қоршаған ортаның ластану қатері.
3. Келтірілген қатерлерді төмендету өндірісті жобалау сатыларында, дайындау, сақтау, тасымалдау, жарылғыш материалдарды жою үдерісінде жүзеге асырылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:
1) жарылғыш зат - химиялық зат немесе сыртқы әсерлердің белгіленген түрлері кезінде жылу шығарумен және газ пайда болумен жылдам өздігінен таралатын химиялық түрленуге бейім берілген құрамдағы заттардың қоспасы;
Полная версия