Близость слов: Окончание:





Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысы
Редакция 14.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары (Жол картасы) бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш күн мерзімде Жол картасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін. 
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат және Сыртқы істер министрліктері жүйелі негізде республикада және шетелде Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын. 
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары Жол картасы іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 6 наурыздағы
 N 264 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары (Жол картасы) Мазмұны
Экономиканы тұрақтандыру үшін 2007 - 2008 жылдары қабылданған шаралар 
Жол картасын іске асырудың мақсаттары мен бағыттары 
1. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы 
1.1. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру тетіктері 
1.2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта құру және дамыту (сумен жабдықтау және кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) 
1.3. Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеу және жылыту 
Полная версия
ИС BestProfi