Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 889 қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.02.2011 жылғы № 82 Қаулысымен (02.09.2003 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2011 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.11.2014 жылғы № 1255 Қаулысына сәйкес
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2011 жылғы № 703 Қаулысымен (07.02.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті (келісім бойынша) бұған дейін қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.