Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 477 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
1. «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
13.1-тармақта:
«тасымалдаудың маусымдылығына» деген сөздерден кейін «және поездардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне» деген сөздермен толықтырылсын;
«поездардың құрамдылығына» деген сөздерден кейін «және қатынау кезеңділігіне» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия