Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1350 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
1. "Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 564-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
"Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жыл сайын белгіленген тәртіппен осы вагондардың жүрісі үшін магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.";
"Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген шығыстары ескерілмейді.";
"13-1. Ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдаудың маусымдылығына, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келісімі бойынша шартқа қосымша келісім жасау арқылы поездардың құрамдылығына сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол беріледі.";
"14-1. Шарттың қолданылу мерзімі тиісті бюджетте көзделген субсидиялар көлемінен аспайтын көлемде тендер шарттары орындалған және міндетті сақталған жағдайда келесі қаржы жылына ұзартылады.";
"15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.";
"3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы поезда тасымалданған жолаушылар, үлгілері бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, вагондардың толымдығы, сондай-ақ жол жүру құжаттарын сатудан түскен кіріс сомасы туралы мәліметтерді қамтитын магистральдық темір жол желісі операторының құжаты;";
"4) тасымалдаушы мен магистральдық темір жол желісі, локомотивтік тарту операторы арасындағы есепті айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
"21. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар бағыттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске тартылған активтердің жеке есебін жүргізеді.";
сол жақ төменгі бұрыштағы "бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә." деген сөздер "актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә." деген сөздермен ауыстырылсын;
оң жақ төменгі бұрыштағы "бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә." деген сөздер "актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә." деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер (билеттер, төсек-орын, шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет көрсетуден) __________________ мың теңге
1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және қоймалардағы тауарлар қорлары, басқа да өндірілмейтін шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әр түрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;
8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.);
11) ұйым қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;
14) жолаушыларды темір жол көлігімен әлеуметтік бар қатынастар бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстардың басқа да түрлері бойынша шығыстары ескерілмейді.