1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес ауруханаларды, емханаларды және отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды мемлекеттiк жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы ретiнде айқындау жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.01.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1469 қаулысы
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының талаптарын iске асыру мақсатында республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:
Клиникалық базалар мемлекеттiк жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарына жалдау ақысын алмай-ақ беріледi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2003. № 385 қаулысымен. (28.09.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiм бойынша клиникалық базалар туралы ереженi;
интернатура туралы ереженi бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi:
1999/2000 оқу жылынан бастап республиканың жоғары медициналық оқу орындарында "емдеу iсi" және " педиатрия" мамандықтары бойынша интернатура ашсын;
көрсетiлген мамандықтар бойынша бiлiктiлiктiң тiзбесiн айқындасын;
республикалық бюджетте қарастырылған жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға көзделген қаржының шегiнде интернатураны қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. "Нарыққа өту жағдайында денсаулық сақтауды жетілдірудің шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 5 тамыздағы N 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 482-құжат) 11-тармағының екінші абзацының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1469 қаулысымен бекiтiлген
Жоғары медициналық білiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесi
Тізбе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 23.04.2003. № 385 қаулысымен Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2003. № 989 қаулысымен. Бұл өзгеріс 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. (28.09.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық базалары:
Алматы көп бейiндi клиникалық ауруханасы
Полная версия