Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 тамыз N 1074
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 417 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысының  1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, N 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 16 тамыздағы
 N 1074 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы
 Ереже
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясатты, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.  
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 06.08.2003. № 785 қаулысымен. (16.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi мен өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөртаңбасы, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес    банктерде шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Министрлiктiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қарулы Күштердiң барлық жеке құрамы үшiн мiндеттi күшi бар бұйрықтар мен директивалар түрiнде актiлер шығарады.
5. Министрлiктiң Ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауы. Арнайы экономикалық аймақ, 2 үй.  
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 06.08.2003. № 785 қаулысымен. (16.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi