- Үкiметтiң шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы мәртебесi және онда болуының мәселелерiн қозғайтын бұрын қабылданған актiлерiн "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрсiн әрi орталық және жергiлiктi органдардың осы Заңның талаптарын мүлтiксiз орындауын қамтамасыз етсiн;
Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2019
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1996 жылғы 21 наурыздағы N 1 шешiмiнен туындайтын қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 30 сәуiр N 2969
Осы Өкім күшін жойды ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде:
- Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерiн қалпына келтiру, бюджеттен қажеттi қаржы бөлу, iшкi iстер органдарының бақылау-өткiзу пункттерiнiң қызметiн қамтамасыз етуге таратылатын қызметкерлердiң штат санын өсiру мәселесiн қарасын және бұлардың қалыпты жұмыс iстеуiне жағдай туғызуға байланысты өзге де мәселелердi шешетiн болсын.
2. Шекаралас облыстардың әкiмдерi бақылау-өткiзу пункттерiнiң қалпына келтiрiлуi мен қызметiне жәрдем көрсетсiн.
3. Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттiк тергеу комитетi, Бас прокуратура қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы iс қимылды неғұрлым тығыз үйлестiру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң тиiстi мемлекеттiк органдарымен қажеттi консультациялар өткiзсiн.
4. Осы өкiмнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Б.М.Тұрсынбаевқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Президентi
Полная версия