"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2014
Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1185 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 896 Қаулысына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1185 қаулысымен бекiтiлген
Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже)
"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес осы Ереже Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақыларына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының (бұдан әрi - құтқарушы) жұмыс стажын есептеу тәртiбiн айқындайды.
1. Құтқарушыларының қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақы алуға құқық беретiн жұмыс стажы
1. Құтқарушының қызмет өткерген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы алуға құқық беретiн жұмыс стажына кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларындағы жұмыс iстеген уақыты енгiзiледi.
2. Құтқарушының қызмет өткерген жылдары үшiн пайыздық, үстемеақы алуға құқық беретiн жұмыс стажына, сондай-ақ:
әскерилендiрілген тау-кен-құтқару бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң құрамында iстеген жұмысы;
әскерилендiрiлген фонтанға қарсы құрамалар мен ұйымдар құрамында iстеген жұмысы;
әскерилендiрiлген газдан құтқару қызметтерi, құрамаларының құрамында iстеген жұмысы;
мемлекеттiк (әскерилендiрiлген), кәсiби және салалық өртке қарсы қызмет құрамында iстеген жұмысы;
жедел-құтқару құрамаларының құрамында, соның iшiнде республикалық, облыстық, ведомстволық бақылау және суда құтқару қызметтерi мен бөлiмшелерiнiң құрамында iстеген жұмысы;
бiрыңғай авиациялық iздеу-құтқару қызметтерi мен бөлiмшелерi құрамында iстеген жұмысы;
Апаттар медицинасы орталығында iстеген жұмысы;
басқа да төтенше жағдайлар саласындағы мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер құрамында iстеген жұмысы кiредi.
Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақыға пайыздық үстемеақыны есептеу үшiн жұмыс стажына, сондай-ақ:
Қарулы Күштер және басқа да әскери құрамалар қатарындағы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмшелерiндегi қызмет уақыты;
кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жолдамалары бойынша жұмыстан қол үзiп кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқыған уақыты есептеледi.
2. Құтқарушының қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн жұмыс стажын есептеу тәртiбi
3. Жұмыс стажы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызмет өткерген жылдарына есептелетiн уақыт, күнтiзбелiк есептеуде ескерiледi.
4. Күнтiзбелiк ай iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақы мөлшерiн арттыру құқығы туындаған адамдарға, ай үшiн үстемеақының жалпы сомасы, айдың кезеңдерi бойынша тиесiлi мөлшерде есептелген үстемеақыларды қосу арқылы айқындалады.
5. Қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақы алуға құқық беретiн жұмыс стажына енгiзу үшiн, құтқарушы, еңбек заңнамасына сәйкес оның еңбек қызметiн растайтын тиiстi құжаттарды тапсырады.
Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
Полная версия