1. Қоса берiлiп отырған Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесi бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 1 тамыздағы
N 726 қаулысымен бекiтiлген
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесi
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерiнде жеке меншiкке тегiн берiледi.
Көрсетiлген мақсат үшiн жер учаскелерiн қайтадан тегiн беруге рұқсат етiлмейдi.
3. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жеке меншiкте бола алатын жер учаскелерiнiң шектi (ең көп) мөлшерi жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге байланысты облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының бiрлескен шешiмдерiмен белгiленедi.
4. Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 шiлдедегi N 748 қаулысымен бекiтiлген Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшiн жер телiмдерiн беру ережесiмен реттеледi.
5. Шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi жеке меншiкке ақы төлеу негiзiнде "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар Жарлығымен көзделген шектеулер ескерiле отырып берiледi.
#$6-тармаққа 2010 жылғы 13 тамызда ҚР Үкіметінің Қаулыcымен өзгерту енгізіледі.
6. Жер учаскесiн алу үшiн мүдделi адамдар жер учаскесiн беру туралы өтiнiшiн (қолдаухатын), сұралатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша осы Ереженiң 8-тармағында санамаланған тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға бередi.
Өтiнiште (қолдаухатта) жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжанатын мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы көрсетiледi.
Полная версия