Близость слов: Окончание:





Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7507 тіркелді
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 14.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің меншікті облигацияларымен және міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелерді жасау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 қаулысының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 ақпанда № 5537 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 62 қаулысымен бекітілген
Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау туралы шешімді банктің немесе банк холдингінің директорлар кеңесі (немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында банк холдингі құрылған жағдайда байқау кеңесі) ішкі құжаттарға сәйкес қабылдайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Банктің директорлар кеңесінің шешіміне облигацияларды сатып алғаннан кейінгі өтімділікті жоғалту тәуекелі мен пайыздық тәуекел бойынша банктің позициясын бағалау, сондай-ақ банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі саясат пен рәсімдердің басқа да талаптарының сақталуы көрсетілетін тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қорытындысы қоса беріледі.
3. Банк холдингінің директорлар кеңесінің (немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында банк холдингі құрылған жағдайда байқау кеңесінің) шешіміне инвестицияларға байланысты тәуекел бойынша банк холдингінің позициясын бағалау, сондай-ақ жүргізілген инвестициялардың банк конгломератының Заңның 42-бабының 3-тармағында көзделген пруденциалдық нормативтерді сақтауына әсері көрсетілетін тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қорытындысы қоса беріледі.
4. Облигацияларды иемдену жөніндегі мәмілелер облигацияларды сатып алу күнінде қалыптасқан әділ нарықтық бағасы бойынша жүзеге асырылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 69 Заңымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Банк немесе банк холдингі сатып алған меншікті облигациялар және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдарының облигациялары туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) банктің немесе банк холдингінің ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша қағаз тасымалдағышта жасалады, банктің немесе банк холдингінің бірінші басшысы немесе ақпарат қол қоюға уәкілетті адам, банктің немесе банк холдингінің бас бухгалтері қол қояды және банкте немесе банк холдингінде осы ақпарат жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде сақталады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 195 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысымен (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi