Қазақстан Республикасында экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық қызметтiң түрлерi бойынша өндiрiстiң және қызмет көрсетулердiң тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерінің қысқа мерзiмдi болжамдары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 шілде N 959
Мәтiндегi "сауда" сөз "бюджеттiк жоспарлау" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 26.11.2003. № 1184 қаулысымен. (16.07.2001 жылғы редакцияны қараңыз) Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.05.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) өздерiнiң құзыретi шегiнде есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң қысқа мерзiмдi болжамын (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ өндiрiстiң және бағалардың даму үрдiсi көрсетiлген түсiндiрме жазба ұсынсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.11.2003. № 1184 қаулысымен (16.07.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың 30-күнiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштер бойынша статистикалық деректер ұсынсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.11.2003. № 1184 қаулысымен (16.07.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі:
Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнің қысқа мерзiмдi болжамдарын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің қысқа мерзімді болжамын ұсынсын және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ресми хабарды жария етуді қамтамасыз етсін.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.05.2005. № 426 қаулысымен. (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 шілдедегі N 959 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер і
қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.11.2003. № 1184 қаулысымен, 04.05.2005. № 426 қаулысымен (16.07.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
N !Көрсеткіштер!Есепті !Ағымдағы !Ағымдағы !Ағымдағы ! !Жауапты ! !тоқсан !тоқсанға !жылдың ал!жылға ! !орындау. ! !үшін !арналған !дағы екі !арналған ! !шылар ! !деректер!көрсет. !тоқсанына!көрсет. ! ! ! ! !кіштердің!арналған !кіштердің! ! ! ! !болжамы !көрсеткіш!болжамы ! ! ! ! ! !тердің ! ! ! ! ! ! !болжамы ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 |
1. Жалпы ішкі ЭБЖМ, СА
өнім, өткен
жылдың
тиісті
Полная версия