Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 878 Қаулысы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (I кезең) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 шілдедегі
 № 878 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
 іске асыру жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған
 іс-шаралар жоспары
Полная версия
ИС BestProfi