Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
Редакция 14.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбеде көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті                                     Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 29.11.2010 жылғы № 1113 Жарлығымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2011 жылдан бастап)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 21.12.2011 жылғы № 199 Жарлығымен (29.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) 
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 27.04.2012 жылғы № 311 Жарлығымен (21.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 08.01.2013 жылғы № 464 Жарлығымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 16.09.2013 жылғы № 644 Жарлығымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 13.01.2014 жылғы № 725 Жарлығымен (16.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 04.04.2014 жылғы № 786 Жарлығымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 874 Жарлығымен (04.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 06.04.2015 жылғы № 1030 Жарлығымен (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 15.01.2016 жылғы № 176 Жарлығымен (06.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.01.2016 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (15.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 14.02.2017 жылғы № 420 Жарлығымен (25.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с № Атауы Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мерзімі Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу мерзімі
1 2 3 4 5 6
1. Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 2 наурызға дейін 2015 - 2019 жылдар 2015 жылғы 12 наурызға дейін
2. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі 2014 жылғы 1 маусымға дейін 2015 - 2019 жылдар 2014 жылғы 1 шілдеге дейін
3. «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі 2012 жылғы 1 қарашаға дейін 2013 - 2019 жылдар 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін
4. Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2013 жылғы 1 тамызға дейін 2013 - 2017 жылдар 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін
5. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылғы 15 қарашаға дейін 2016 - 2019 жылдар 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін
6. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 10 ақпанға дейін 2016 - 2019 жылдар 2016 жылғы 1 наурызға дейін
7. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2010 жылғы 1 қазанға дейін 2011 - 2019 жылдар 2010 жылғы 1 қарашаға дейін
8. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін 2017-2021 жылдар 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін
Полная версия
ИС BestProfi