Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.10.2015
Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі N 02-02-18/59 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 мамырда N 6953 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.10.2015 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабының 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және спорт ғимараттарын пайдалануды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, пайдалану кезінде оларды сыныптары мен санаттарына сәйкестендіру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі  бекітілсін.
2. «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелері» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2009 жылғы 14 тамыздағы № 01-01-07/141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5788 болып тіркеліп, 2009 жылғы 23 қазандағы № 162 (1585) «Заң газеті», 2009 жылғы 23 қазандағы № 162 «Юридическая газета» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Туризм және спорт министрінің
 2011 жылғы 14 сәуірдегі
 № 02-02-18/59 бұйрығымен
 бекітілген
Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі
1. Осы Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсету жөніндегі спорт ғимараттарын және оларды жарақтандыру мен ғимараттардың параметрлеріне байланысты спорттық қызметтерді пайдалануды реттейді.
2. Спорттық ғимараттар өздерінің мақсатына қарай спорттық-думанды (көрсетілімдік), оқу-жаттығу (спорттық-техникалық) және дене шынықтыру-сауықтыру болып бөлінеді.
Көрермендер саны үйдің ішінде - 500 және одан да көп, ашық ауада - 1500 және одан да көп мінбелері немесе жеке қатарлары бар және өткізілетін спорттық жарыстарды көруге арналған ғимараттар спорттық-думанды ғимараттарға жатады.
Есу, желкен, шаңғы, тау шаңғысы, шана-бобслей, ату, конькимен сырғанау, ат спорты (ипподромдардан басқа), тас жолдағы велосипед, шахмат және дойбы спортына арналған, көрермендерге арналған орындарының болуына қарамастан, оқу-жаттығу түріне жатады. 
Азаматтардың дене жаттығуларымен және спортпен шұғылдануына арналған ғимараттар дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттарына жатады.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері арнайы дайындықтарды қажет етпейтін және шұғылданушылардың өміріне және денсаулығына қауіп келтірмейтін жаттығуларды өткізуге арналған барлық ғимараттарда жүзеге асырылады.
3. Пайдалануына қарай спорт ғимараттары келесі түрлерге бөлінеді:
1) акваторий (спорттық) – арнайы белгіленген судың беті. Онда оқу-жаттығу үдерісі мен есу және желкенді спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі;
Полная версия
ИС BestProfi