1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.05.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 409 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2632
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 9 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 409 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Полная версия