Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 53 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7576 тіркелді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы:
1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне келісуге ұсынсын;
2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалған бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау-тапсыру кестесін (бұдан әрі - Кесте) ұсынсын.
4. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы және Тіркеушілер:
1) Кестеде көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Кестеде көзделген эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кестеде көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне ұсынсын.
Төрағасы                                   Г. Марченко Қазақстан Республикасының  
 Ұлттық Банкі Басқармасының 
 2012 жылғы 24 ақпандағы   
 № 53 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидалары
1. Осы Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
2) бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы – бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасын айқындайтын, бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаты;
3) орталық депозитарий қағидаларының жинағы – орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасын айқындайтын, орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген орталық депозитарийдің ішкі құжаты;
4) тіркеуші – бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензиясы негізінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
Полная версия
ИС BestProfi