Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2015
"Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 631 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 629 Қаулысына сәйкес
1. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 405-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
«25. «E-learning» электрондық оқыту жүйесі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия

