«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
«Лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 172 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысымен бекітілген
«Лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы «Лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) лифтілерге және олардың тіршілік циклінің үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің әрекеті: Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын лифтілерге, лифтілердің қауіпсіздігі құрылғысына; пайдалануға енгізілетін лифтілерге; қолданыстағы лифтілерге; қызмет көрсету мерзімі өткен лифтілерге; осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға енгізілген лифтілерге; пайдаланудан шығарылуға жататын лифтілерге қолданылады.
3. Осы Техникалық регламенттің әрекеті тау-кен және көмір өнеркәсібі шахталарында, кемелерде және өзге де жүзетін құралдарда, теңізде барлауға және бұрғылауға арналған платформаларда, ұшақтарда және ұшатын аппараттарда орнатылған лифтілерге қолданылмайды.
4. Лифтілерді бірдейлендіру Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен, осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген, таңбалау және ілеспе құжаттар бойынша (өзіне нормативтік және техникалық құжаттаманы қамтитын), белгілері мен өлшемдері, жиынтығында айырып тану үшін жеткілікті болатын көрсеткіштері мен талаптары бойынша жүргізіледі.
5. Сақтануды қажет ететін негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:
1) лифтілердің қорғалмаған жылжымалы элементтері;
2) шу мен дірілдің жоғары деңгейі;
3) электр тізбектегі кернеудің қауіпті деңгейі және оның жолаушыларға, лифтінің қызмет көрсетуші персоналына, лифт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғыға әсер ету мүмкіндігі;
4) лифтінің өрт қауіпті және жарылыс қауіпті элементтері;
5) лифт кабинасын дайындау кезінде улы материалдарды қолдану;
6) қауіптілік өлшемдері лифтіні жобалау кезінде анықталады және жобалық құжаттамада көрсетіледі.
Қатерлерді азайту жобалау, дайындау, монтаждау, сынау, пайдалану, жөндеу сатыларында жүзеге асырылуы тиіс.
Полная версия