Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 693 Қаулысы
«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына және «2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуіріндегі № 473 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиумның объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттің қатысумен мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 8000000000 (Сегіз миллиард) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Полная версия
ИС BestProfi