Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Дiнтану сараптамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 70 Қаулысы
"Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Дiнтану сараптамасын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
1-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Ережеге сәйкес дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне діни бірлестіктердің құрылтай және басқа да құжаттарын дінтану сараптамасына жолдасын.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252 Қаулысымен. (30.01.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2007 жылғы 30 қаңтардағы
 N 70 қаулысымен
 бекiтiлген
Дiнтану сараптамасын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Epeжe) "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына  сәйкес әзiрлендi және дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
1. Дiнтану сараптамасы (бұдан әрi - сараптама) дiни бiрлестiктер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн анықтау мақсатында дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде жүргiзiледi. 
Сараптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленетiн басқа негiздер бойынша да жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Сараптама дiни ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, мемлекеттiк органдар өкілдерiнiң, дiнтанушылардың, заңгерлердiң және ар-ождан бостандығы құқығы саласындағы басқа да мамандардың (бұдан әрi - сарапшылар) қатысуымен жүргiзiледi.
3. Сараптама дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу үшiн маңызы бар мәлiметтер сарапшы арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн зерттеулер нәтижесiнде белгiленуi мүмкiн жағдайда тағайындалады.
Сараптаманы арнайы ғылыми бiлiмi бар мүдделi емес адам жүргiзедi.
4. Дiни бiрлестiктердiң құрылтай және басқа да құжаттары, оның iшiнде мүдделi мемлекеттiк органдар мен дiни бiрлестiктер ұсынған дiни мазмұндағы материалдар және дiни мақсаттағы заттар сараптама объектiсi болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган ) сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252 Қаулысымен. (30.01.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi