"Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегi N 1358 қаулысын орындау үшiн, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде автокөлiк құралдарына бақылау жүргiзудi реттеу және халықаралық келiсiмдер мен Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2017
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiндегi бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды орналастырудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2174.
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 11 маусымынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 108, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2017 жылғы № 194, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.04.2017 жылғы № 157, ҚР Қаржы министрінің 26.01.2017 жылғы № 56, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 24.04.2017 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.11.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiмiзге қалдырамыз.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар министрі
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігінің
төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34 бұйрықтарымен бекітілген
Нұсқаулық жаңа редакцияда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 197 н/с, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 700, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 қарашадағы № 685, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 258, ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 16 қарашадағы № 397 бірлескен бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылдары және оларды үйлестіру жөніндегі нұсқаулық
Полная версия