Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 865 Қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.12.2009 № 2052 Қаулысымен (19.09.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.12.2009 № 2052 Қаулысымен (19.09.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.