Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.09.2008
Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2509
Күші жойылды ҚР Ұлттық банкі төрағасының 22.09.2008 № 79 Қаулысымен. (20.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 20.07.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 6-тармағының 1) және 2-1) тармақшаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
: кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 109 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары бекітілсін. 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 
3. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері мен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсіби ұйымдастырушылары 2003 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей шоттардың ұсынылып отырған үлгі жоспарына сәйкес қолданылатын ақпарат жүйесін пысықтау бойынша жұмысты жүргізетін және аяқтайтын болсын. 
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлері мен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсіби ұйымдастырушыларына жiберсiн. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2003 жылғы 1 қыркүйектегі
 N 324 қаулысымен
 бекітілген
: Жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтінге өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 109 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген   
  субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің  
  үлгі шот жоспары 
1. Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің осы үлгі шот жоспары (бұдан әрі - Шоттар жоспары) " Бухгалтерлiк есепке алу  мен қаржылық есеп беру туралы" және " Секьюритилендіру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы есебін жасау үшін бухгалтерлік шоттарда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, арнайы қаржы компаниялары мен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсіби ұйымдастырушылары (бұдан әрі - ұйымдар) жүргізетін операцияларды көрсету тәртібін айқындайды. 
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 109 қаулысымен.
2. Осы Шоттар жоспарында Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі заңдарында көзделген ұғымдар қолданылады.
3. Осы Шоттар жоспары бухгалтерлік есепте қаржы-шаруашылық операцияларын топтау кестесін білдіреді. 
Осы Шоттар жоспарында шоттар тобының атауы және кейін талдама шоттар кодына оларды бөлу арқылы синтетикалық шоттардың аты келтірілген. Талдама есеп ұйымдар көрсететін қызметтердің түріне байланысты жүргізіледі. 
Осы Шоттар жоспарында қосалқы шоттардың мынадай коды пайдаланылады: 
Полная версия
ИС BestProfi