Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2016
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3822
Атау өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007 жылғы № 110 Қаулысымен (15.04.2006 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 11.06.2007 жылы тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 жылғы № 115 Қаулысына сәйкес
Редакция 19.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007 жылғы № 110 Қаулысымен (15.04.2006 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 11.06.2007 жылы тіркелді
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2005 жылғы 30 шілдедегі
N 269 қаулысының
1-қосымшасы
Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесi
Атау өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007 жылғы № 110 Қаулысымен (15.04.2006 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 11.06.2007 жылы тіркелді
Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы » 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы » 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы » 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі – облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептерді қараудың және бекітудің талаптары мен тәртібін айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 21.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
1-тараудың тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 жылғы № 77 Қаулысымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 жылғы № 195 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 29.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 жылғы № 268 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 18.04.2014 жылғы № 52 Қаулысымен (29.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 244 Қаулысымен (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа оның Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Жай акцияларға айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялар айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигацияның қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.
Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта және электронды тасымалдауышта Acrobat Reader форматында мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екі данада жасалады (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда). Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi акциялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi қамтылады.
Полная версия
ИС BestProfi