Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 қаулыларына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1041       
Редакция 29.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323  қаулысына: 
"Қаржы бірінші вице-министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келімбетов Қайрат Нематұлы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Павлов Александр Сергеевич" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Қаржы вице-министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Қаржы вице-министрі" деген сөздер "Қаржы бірінші вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Экономика және сауда" деген сөздер "Индустрия және сауда" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 488 Қаулысымен (20.09.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi