Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 30 маусымдағы N 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5275 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3603 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3949 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4401 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 13 қазандағы N 182 (988) жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4490 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:
7-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде маркет-мейкерлердің ешқайсысының да бағаланатын акциялары бойынша сұраныс пен ұсыныс арасындағы міндетті баға белгілеудің барынша төмен көлеміне қолдау көрсету және спрэд талаптары, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарымен осы акциялардың маркет-мейкерлері үшін белгіленген басқа міндетті талаптары бұзылған жоқ;";
2) тармақшадағы "жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен кем дегенде он мәміле жасалды;
5) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде қор биржасының оннан кем емес мүшесі осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен мәмілелер жасады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Полная версия